Алматы облысында ер адам 3 кг сынапты 100 млн теңгеге заңсыз сатпақ болды, деп хабарлады Алматы облысының полициясы.
Оны облыстық полиция департаментінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен қолға түсірді. Операцияға облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті де қатысқан.
Қазіргі уақытта Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сынап буы адамды ауыр улануға әкеп соғады. Жүйке жүйе зақымданып, денеде және қоршаған ортада жиналып, ұзақ уақытқа дейін зиян келтіруі мүмкін.