Семейде арыстанға тас лақтырған адамдар іздестіріліп жатыр

/
Семейде арыстанға тас лақтырған адамдар іздестіріліп жатыр
Видеодан скриншот

Семейде ересек адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Балаларға арналған облыстық биологиялық орталықта болған оқиғаның бейнезжазбасы әлеуметтік желіде тарады. Биоорталық мамандары мұндай жағдайдың жиілеп бара жатқанын айтып, дабыл қақты. Абай облыстық полиция департаменті ер адамдарды іздеп жатыр.

"Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларының жазбасы зерделеніп, ықтимал куәгерлер анықталып, олардан жауап алынып жатыр. Қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін олардың әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады", - дейді полиция.

Абай облысы полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтап, жануарларға жауапкершілікпен әрі адамгершілікпен қарау қажеттігін ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары