Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты

/
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
istockphoto

Астанада түнде №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында өрт болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға туралы Астана әкімдігі мәлімдеді.

Әкімдік мәліметінше, №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының бір бөлмесінен өрт шыққаны туралы хабар 11 сәуір күні сағат 22:48-де түскен. Оқиға орнына 101 қызметі 22:55-те жеткен. Ал 23:08-де өрт толық сөндірілді.

Жедел қызметтер мен медицина қызметкерлерінің шұғыл әрекетінің арқасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке байланысты балалар көршілес ғимаратқа көшірілді, – делінген таратылған хабарламада.

Өрттің шығу себебі әзірге хабарланған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары