Ақтөбеде қайғылы жағдай болды

/
Ақтөбеде қайғылы жағдай болды
Видеодан скриншот

Жол-көлік оқиғасы Батыс Қытай — Батыс Еуропа халықаралық дәлізінің Ақтөбе қаласы маңында болды. Бір адам мерт болып, үшеуі ауруханаға түсті.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше сағат 23:00 шамасында болды.

ВАЗ-2115 және Lada Granta автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Ал Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Түнгі уақытта жылдамдықты асырмау, қарсы бағытқа шықпау, шаршаған немесе ұйқысы қанбаған күйде рульге отырмау қажеттігін еске саламыз, — деді Ақтөбе қаласы ПБ ППБ командирінің орынбасары Ануар Ибраев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары