Жамбыл облысында есік кілтін ауыстырған ер адам пәтерге ұрлыққа түскен

/
Жамбыл облысында есік кілтін ауыстырған ер адам пәтерге ұрлыққа түскен
istockphoto

Жамбыл облысы Сарысу ауданында ер адам бөтен үйге ұрланып кіріп, "ASEL" пешін ұрлаған, деп хабарлайды облыстық сот.

Былтыр желтоқсанда жәбірленуші WhatsApp мессенджерінде пәтердегі есік құлпын ауыстыру қажеттілігі туралы хабарландыру жариялаған. Оған сотталушы хабарласып, құлыпты ауыстыруға келіскен.

"Жәбірленуші оған қажетті құлыпты сатып алуды сеніп тапсырған. Жаңа құлып орнатылғаннан кейін сотталушы жәбірленушіге 5 кілттің 4-еуін беріп, бір кілтті өзіне қалдырған. Биыл қаңтарда ол өзіне алып қалған кілттің көмегімен пәтерге заңсыз кіріп, "ASEL" маркалы пешті ұрлап кеткен", - дейді сотта.

Сарысу аудандық сотының үкімімен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Апелляциялық алқа үкімді өзгертіп, жазаны 2 жылға дейін төмендетті.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары