Өскеменде түтінге тұншыққан 89 жастағы қарияны құтқарушылар аман алып қалды (ВИДЕО)

/
Өскеменде түтінге тұншыққан 89 жастағы қарияны құтқарушылар аман алып қалды (ВИДЕО)
ТЖМ

Өскемен қаласында Қабанбай батыр көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде болған өрт кезінде құтқарушылар ес-түссіз жатқан қарт адамды тауып алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт үшінші қабаттағы пәтерді шарпыған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтер терезесінен қою түтін шығып жатқанын байқаған. Құтқарушылар газ-түтіннен қорғау қызметінің арнайы тобын құрып, түтін басқан үйге кірген.

"89 жастағы ер адам пәтерден шығарылып, бірден алғашқы көмек көрсетілді. Өрт сөндірушілер реанимациялық шаралар жүргізіп, зардап шегушіні есіне келтірді. Кейін ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады ТЖМ.

Өрт шамамен 10 шаршы метр аумақта оқшауланып, толықтай сөндірілді. Пәтер ішінде жиһаз, тұрмыстық техника мен жеке заттар жанған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар