2020 жылға дейін көлік инфрақұрылымын дамытуға 40$ миллиард жұмсалмақ
2020 жылға дейін көлік инфрақұрылымын дамытуға 40$ миллиард жұмсалмақ
Жақында «Еуразияның көліктік дәліздері: Ынтымақтастықтың жаңа жолдары» атты халықаралық конференцияда стратегиялық зерттеулер институты директоры Ерлан Қарин Қазақстан 2020 жылға дейін көлік инфрақұрылымын дамытуға 40 миллиард доллар жұмсайтынын хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстан алдағы бес жыл ішінде көліктік әлеуетін арттыру мақсатында Орта Азия мен Еуразия кеңістігінде транспорттық-транзиттік бірқатар ірі жобаларды іске асырмақ.
Аталған жоба «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан мемлекеттермен алыс-берісті арттырып, шалғай орналасқан нарықтарды байланыстырып, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдермен қарым-қатынасты нығайту мүмкіндігін тудырады. «Осы мақсатта біз халықаралық зерттеу институттарынан сарапшылар шақырып, көлік-логистика саласын дамыту тәжірибелерімен бөлісіп отырмыз.
Болжамдарға қарағанда, 2020 жылға қарай Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының көлемі 170 миллион тоннадан асып түседі. Қазақстан үшін альтернативті көліктік жолдардың мүмкіндігін қарастыру керек. Солтүстік бағытында, батыс, оңтүстік бағытында Ресеймен, Каспий теңізі маңында орналасқан мемлекеттермен, оңтүстікте орналасқан мемлекеттермен. Осыған байланысты Ұлы жібек жолы бойында орналасқан мемлекеттердің сарапшыларымен, және жай ғана сарапшылар емес, жаңағы мемлекет басшылары жанындағы, үкіметтердің жанындағы зерттеу орталықтарының сарапшыларын шақырдық», - деді Ерлан Қарин.