Доллар бағасы тағы да төмендеді

/
Доллар бағасы тағы да төмендеді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 481,54 теңгені құрап, 1,35 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Ұлттық Банкі 30 наурызға белгіленген ресми доллар бағамы 482,53 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 480,74 теңге, сату – 482,69 теңге. Астанада долларды орта есеппен 477,04 теңгеден сатып алып, 484,04 теңгеден сатуда. Шымкентте долларды орта есеппен 481,7 теңгеден сатып алып, 483,73 теңгеден сатуда.

Еске салайық, 16 наурыз күнгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,49 теңгеге төмендеді, 17 наурызда 6,59 теңгеге төмендеді, 18 наурызда 3,2 теңгеге өсті, 19 наурызда 0,23 теңгеге төмендеді, 20 наурызда 0,38 теңгеге өсті, 26 наурызда 0,05 теңгеге төмендеді, 27 наурызда 0,63 теңгеге өсті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары