Ауру неге түнде күшейеді?

/
Ауру неге түнде күшейеді?
сурет: istockphoto.com

Адамдардың көбі күндіз ауруды жеңіл өткеріп, түнде оның күшейетінін байқайды. Қытай ғалымдары бұл құбылыстың себебі ағзаның биологиялық сағатымен байланысты екенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz cas.cn-ге сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, ауырсынудың тәуліктік өзгерісін мидағы арнайы аймақ супрахиазматикалық ядро басқарады. Бұл құрылым ұйқы, гормондар және жалпы ағзаның тәуліктік ырғағын реттейді.

Ғалымдар тәжірибе барысында осы ядро мен жұлын арасындағы нейрондық байланысты зерттеген. Нәтижесінде ауру сигналдарының қарқындылығы дәл осы биологиялық ырғаққа тәуелді екені белгілі болды.

Яғни күндіз ағза белсенді болған кезде ауырсыну сезімі бәсеңдейді, түнде, яғни тыныштық күйінде, ауырсыну сигналдары күшейеді. Бұл мидың белсенділігіне байланысты. Демалыс кезінде ауырсынуға жауап беретін жүйе сезімтал бола түседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары