«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ҚТЖ балалар мен ата-аналарды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады және теміржол нысандарында электр тогының соғу қаупі бар екенін еске салады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Теміржолшылардың түсіндіру жұмысындағы негізгі мақсат – жолаушыларды, балалар мен ата-аналарды теміржол инфрақұрылымы объектілерінде электр тогының соғу қаупі туралы ескерту.
Жасөспірімдердің вагондар төбесінде селфи жасауға немесе ойын-сауық үшін пойыздарға көтерілуге тырысуы қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Байланыс желісі өте жоғары кернеуде – 27000 вольтқа дейін болады. Өлімге әкелетін электр разряды қашықтықтан – сымға тікелей тимей-ақ пайда болуы мүмкін.
Байланыс желісі тіректеріне және басқа да теміржол құрылыстарына көтерілуге тыйым салынады – олар өмірге тікелей қауіп төндіреді. Электр желілерінің зақымдануы нәтижесінде кернеуге ұшырауы мүмкін металл құрылғылар мен жабдықтарды ұстаудың қажеті жоқ. ҚТЖ балалардан темір жолдары мен электрмен жабдықтау объектілерінің жанында ойын ұйымдастырмауын сұрайды.