Алматы облысында арнайы мектеп басшылығы бюджет қаражатын жымқырған

/
Алматы облысында арнайы мектеп басшылығы бюджет қаражатын жымқырған
istockphoto.com

Қарасай ауданының прокуратурасы Алматы облысы білім басқармасының «Облыстық №3 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мекеме директоры, оның орынбасары және бас бухгалтері еңбек қызметін нақты атқармаған адамдарды жалған жұмысқа орналастыру арқылы жалпы сомасы 5,8 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденген.

Прокуратура материалдары бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Сот үкімімен лауазымды тұлғалар кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлеріне сотталды.

Прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және бюджет қаражатының заңды пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары