Ғалымдар С дәруменінің шексіз пайдасын жоққа шығарды

/
Ғалымдар С дәруменінің шексіз пайдасын жоққа шығарды
сурет: istockphoto.com

С дәрумені ұзақ уақыт бойы суық тиюден бастап жүрек аурулары мен қатерлі ісікке дейінгі дерттердің «әмбебап емі» ретінде қарастырылып келді. Алайда жаңа зерттеулер оның әсері әлдеқайда шектеулі екенін көрсетті. Бұл туралы The Conversation жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мамандардың айтуынша, С дәрумені (аскорбин қышқылы) ағза үшін шынымен маңызды. Ол антиоксидант ретінде жұмыс істейді, жараның жазылуына, коллаген түзілуіне қатысады және темірдің сіңуін жақсартады. Оның жетіспеушілігі Цинга сияқты ауыр ауруға әкелуі мүмкін.

Адам ағзасы бұл дәруменді өздігінен өндіре алмайды, сондықтан оны тағам арқылы, көкөністер мен жемістерден алу қажет. Қоспалардағы С дәрумені химиялық тұрғыдан тағамдағы түрімен бірдей болғанымен, табиғи өнімдерде ол басқа пайдалы заттармен бірге әсер етеді.

Зерттеулерге сәйкес, С дәруменін тұрақты қабылдау суық тиюдің алдын алмайды. Тек жоғары дозада (тәулігіне 1 000 мг-нан астам) қабылдағанда аурудың ұзақтығын аздап қысқартып, белгілерін жеңілдетуі мүмкін. Ал симптомдар басталғаннан кейін қабылдау айтарлықтай нәтиже бермейді.

Сондай-ақ жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша да үміт ақталмаған: С дәрумені инфаркт, инсульт немесе стенокардия қаупін төмендетпейді. Қан қысымына әсері де өте мардымсыз деп бағаланады.

Қатерлі ісікке қатысты да дәл осындай қорытынды жасалды: С дәрумені қоспалары онкологиялық аурулардың алдын алмайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары