Атырауда Наурыз кезінде 80-ге жуық бала жоғалып кеткен

/
Атырауда Наурыз кезінде 80-ге жуық бала жоғалып кеткен
ашық дереккөз

Атырауда мерекелік іс-шара кезінде ата-анасынан көз жазып қалған 80-ге жуық бала дін аман табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Атырау қаласының Полиция департаменті жазды.

"Атырау қаласында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара кезінде Исатай-Махамбет алаңында 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған. Олардың барлығы жедел түрде табылып, заңды өкілдеріне қауышты. Олардың басым бөлігі бір сағатқа жетпей анықталды. Тек бір жасөспірімді полицейлер 3 сағатқа жуық іздеді. Көпшілік шара барысында ата-анасынан көз жазып қалған 7 жастағы жасөспірім бейнекамералар арқылы анықталды. Бүлдіршін анасын таппаған соң, бірден оның жұмыс орнына баруға шешім қабылдаған. Алайда, бұл жоспары жүзеге аспады, балақайды камера арқылы анықтаған инспекторлар анасына әкеп қауыштырды", - делінген хабарламады.

Айта кету керек, мұндай оқиғаларға байланысты полиция департаменті ата-аналарға адамдар көп жиналатын орындарда балаларға мұқият болуды, оларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары