Атырауда сапасыз құрылыс материалдарын сатқан кәсіпкерге қомақты айыппұл салынды

/
Атырауда сапасыз құрылыс материалдарын сатқан кәсіпкерге қомақты айыппұл салынды
istockphoto.com

Атырауда құрылыс заттарын сататын «ALIF STROY»  сауда үйі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атырау қаласының тұрғыны сапасы талапқа сай емес линолеум өніміне қатысты шағым түсірген.

Жоспардан тыс тексеру барысында Tarkett типі: Evropa AKRON 6 маркалы линолеум өнімнің Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 435 бұйрығымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмегендігі, атап айтқанда, өнім тиісті таңбалаусыз, оның ішінде мемлекеттік тілдегі ақпаратсыз сатылғаны анықталған.

Бұл «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (35-бап) және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 415-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу болып саналады. Жеке кәсіпкерге қатысты 843 375 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Бүгінгі таңда заңбұзушылықтар жойылды, айыппұл сомасы толық көлемде төленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар