Атыраудағы трагедия: Сұлтан Сәрсемәлиевке тағы бір ауыр айып тағылды

/
Атыраудағы трагедия: Сұлтан Сәрсемәлиевке тағы бір ауыр айып тағылды

Атырау отбасында бір отбасыны қырып салды деген күдіккке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиевке тағы бір айып тағылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің Жангелдин ауылында болған қанды оқиға бойынша ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты қылмыстық іс енді екі бап бойынша тергелетінін мәлімдеді.

Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) мен 188-баптың 2-бөлігі (Алдын ала сөз байласу арқылы топ болып жасалған ұрлық) бойынша іс қозғалған.

Күдікті бүгінде уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар ІІМ күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекеттеріне құқықтық баға беру мәселесіне қатысты әзірге нақты пікір білдірмеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар