Атырауда 62 жастағы ер адам 58 жастағы әйелін пышақтап тастаған

/
Атырауда 62 жастағы ер адам 58 жастағы әйелін пышақтап тастаған
istockphoto.com

Атырауда ер адам отбасылық жанжал кезінде әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

16 наурыз күні шамамен сағат 03:30-да полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйелдің қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.

«62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Аталған факт бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар