Астанада құрылыс нысанына түсіп, ұрлық жасаған 18 жастағы жігіт ұсталды

/
Астанада құрылыс нысанына түсіп, ұрлық жасаған 18 жастағы жігіт ұсталды
polisia.kz

Астанада құрылыс нысанынан ұрлық жасаған күдікті анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында 18 жастағы жігіттің құрылыс объектісіне еркін кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын түрде иемденгені белгілі болды.

Атап айтқанда, ол құрылыс алаңынан кабель өнімдерін ұрлаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 180 мың теңгені құрайды.

Аталған қылмыс бейнебақылау камераларының көмегімен ашылды. Камера жазбаларын талдау барысында күдіктінің әрекеті толықтай тіркеліп, оның қозғалыс бағыты анықталған.

Соның негізінде полицейлер күдіктіні жедел түрде ұстады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары