Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Көгедай ауылдық округіндегі №598 сайлау учаскесінде «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпазы – Бозтаевтар әулеті дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz referendum2026.kz-ке сілтеме жасап.
Үлгілі отбасы мүшелері референдумға бірге келіп, ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасады. Олар мұндай маңызды саяси науқанға қатысу әрбір азаматтың жауапкершілігін көрсететінін атап өтті.
Отбасы мүшелерінің айтуынша, ел тағдырына бейжай қарамай, дауыс беру – қоғам алдындағы азаматтық парыз. Бозтаевтар әулеті тұрғындарды да белсенділік танытып, референдумға қатысуға шақырды.