Динара Сәтжан Қайрат пен Жұлдыздың жаңа үйін көрсетті (ВИДЕО)

/
Динара Сәтжан Қайрат пен Жұлдыздың жаңа үйін көрсетті (ВИДЕО)

Былтыр журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында актриса астаналық кәсіпкер әйелдің баспана салып беремін деп алдап кеткені жайлы айтқан. Ал биыл Жұлдыз Әбдікәрімова қоныс тойын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қоныс тойған барғандар арасында Динара Сәтжан да болды.

«Бар болғаны бір жыл өтті. Осы уақыт ішінде өмір бәрін өз орнына қойды: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен бірге жаңа, әдемі пәтер сатып алды, олардың отбасында қыздары дүниеге келді, ал бүгін олар қоныс тойын жасап жатыр. Мен үнемі айтамын: ешқашан берілмеу керек. Тіпті шығар жол жоқтай көрінген кезде де. Ең қараңғы түннен кейін әрдайым арайлап таң атады. Жұлдыз, сен үшін шын жүректен қуаныштымын», – деді Динара Сәтжан.

Еске салайық, актриса бұған дейін өзін «адал емес адамдар тобынан» жапа шеккенін айтқан болатын. Оның сөзінше, бұл топтың құрамында бір компанияның басшылары және олардың туған аға-інілері мен апа-сіңлілері болған. Солардың бірі Диляра есімді қыз Жұлдыз Әбдікәрімованың сеніміне кіріп, оның пәтерін элиталық қалашықтағы салынып жатқан коттеджге айырбастауды ұсынған. Алайда 2022 жылдан бері актриса сол мүліктің иесі атана алмады.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар