Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші

/
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші

Еліміздің тәуелсіз ел ретінде өркениетті даму жолына түскеніне отыз жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында еліміз экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрғыдан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Дегенмен мемлекеттің дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейтіні белгілі. Қоғамның ең белсенді әрі серпінді бөлігі – жастардың рөлі ерекше маңызға ие. Сондықтан жастар мәселесі күн тәртібінен түспейтін өзекті тақырыпқа айналды.

Жастар саясатының қалыптасу кезеңі

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары­нан бастап елімізде жастар саяса­тын қалыптастыру мен дамытуға ерекше көңіл бөлінді. 1991 жылы құрылған Жас­­­­тар ісі, дене шынықтыру және спорт жө­ніндегі мемлекеттік комитет кейін­нен Қазақстан Республикасының Жас­тар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті бо­лып қайта құрылды. Сол жылдың мау­сым айында қабылданған «Қазақ ССР-індегі мемлекеттік жастар саясаты ту­ралы» заң жастар саясаты саласындағы маңызды тарихи шешімдердің бірі бол­ды. Ал 1993 жылы Жастар ісі жөніндегі мем­лекеттік комитет пен туризм, дене шы­нықтыру және спорт министрлігі тара­тылып, олардың орнына Қазақстан Рес­публикасының Жастар ісі, туризм жә­не спорт министрлігі құрылды. Кейін­нен 1996 жылы Мемлекет басшысының өкі­мімен жастар туралы жаңа заң жо­ба­сын әзірлеу тапсырылып, оны Парламент қарауына ұсыну мәселесі көтерілді.
1999 жылдың тамыз айында мемле­кет­тік жастар саясатының тұжырымдама қа­былданды. Уақыт талабына сай жас­тар саясаты да жаңарып отырды. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жыл­ға дейінгі мемлекеттік жастар сая­сатының тұжырымдамасын қабыл­да­ды. Бұл құжаттың басты мақсаты – жас­тардың қабілеті мен қызығушы­лы­ғына сәйкес еркін дамуына жағдай жа­сау, олардың шығармашылық бастама­ла­рын қолдау және қоғам өміріне бел­сен­ді қатысуына мүмкіндік беру болды.
Жастар саясаты саласындағы маңыз­ды оқиғалардың бірі – 2023-2029 жыл­дар­ға арналған Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның мемлекеттік жастар саясаты тұ­жырымдамасының Мемлекет басшысы та­рапынан бекітілуі болды. Бұл құжат – жастармен жұмыстың стратегиялық ба­­сымдықтары мен жаңа тәсілдерін ай­­­қындаған жүйелі бағдарлама. Тұ­жы­рым­даманың басты қағидасы – «жастар үшін емес, жастармен бірге». Яғни, жас­тар енді мемлекеттің қамқорлық ны­са­ны ғана емес, шешім қабылдау үдерісіне тіке­лей қатысатын серіктеске айналды. Олар өзекті мәселелерді белгілеп, басым­дықтарды айқындап, мемлекеттік сая­сат­ты қалыптастыруға тікелей атса­лы­сады.
Бұл тәсілдің тиімділігін Президент жанындағы Жастар саясаты жө­ніндегі кеңес пен Президенттік жастар кадрлық резерві дәлелдеп отыр. Аталған бастамалар жас басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға мүмкіндік бер­ді. Қазір резервке алынған қаты­су­шы­лар­дың 80 пайызы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйым­да­рын­да жемісті еңбек етуде. Бүгінде өңір­лер бұл тәжірибені белсенді түрде енгі­зіп жатыр. Облыстарда жастар кеңестері құрылып, кейбір аймақтарда жергілікті жастар кадрлық резервтері жасақталды.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кә­сіпкерлік бастамаларды қолдау да жас­тар саясатының басым бағыттары. ейін­гі үш жылда мемлекеттік қолдау ша­раларының нәтижесінде жас кәсіп­кер­лердің саны 12,1 пайызға артты.

Жаңа Қазақстандағы жастар мәселесі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі­нің Жолдауында жастарды «қолдауға мұқ­таж топ» деп емес, ұлттық дамудың стра­тегиялық ресурсы деп атады. «Біз білім­ге талпынған, еліміздің өркендеуін ой­лайтын жастарды әрқашан қолдайтын боламыз», – деді Президент. Кейінгі жыл­­­­­дары Қазақстандағы жастар саясаты институционалдық сипатқа ие болып, жүйелі әрі нәтижелі қадамдарға негіз­дел­ді. Атап айтсақ, 2024-2025 оқу жы­лын­да бакалавриатқа 79 мың, магист­ра­тураға 13 мыңнан астам, докторантураға 2 мың грант бөлінді. 2025-2026 оқу жы­­­лы­на 77 мыңнан астам грант қарас­тырыл­ған, оның 60%-ы техникалық жә­не инженерлік мамандықтарға бағыт­талған.
Әлеуметтік қолдау жағына келер болсақ, «Жас Отбасы» жеңілде­тіл­­ген ипотекалық бағдарламасы жас от­басыларға 5 пайыздық жылдық мөл­шер­лемемен баспана алуға мүмкіндік бе­реді. Сонымен қатар еліміздің 17 өңі­рін­де жас мамандарға арналған арнайы ипотекалық бағдарламалар іске қо­сы­лып, оларды өңірлерде бекітуге септігін ти­гізеді. Бұл тәжірибе Германия мен Фран­цияда да бар. Мысалы, Германияда жас­тарға арналған әлеуметтік тұрғын үй бағ­дарламасы жұмысқа орналасу мен эко­номикалық тұрақтылыққа тікелей әсер етеді.
Жастарды қоғамға тартудың маңыз­ды жолы – волонтерлік және әлеуметтік бастамалар. Бүгінде елімізде 250 мыңнан ас­там жас волонтер бар. «Taza Qazaqstan» кам­паниясы аясында 2024-2025 жыл­дары 6,9 мың іс-шара өткізілді, шамамен 1 миллион адам қамтылды.
Талантты жастарды қолдаудың маңыз­ды тетігі ретінде Мемлекет басшы­сы­ның бастамасымен 2021 жылы «Тәуел­сіздік ұрпақтары» гранты енгізілді. Бұл грант­қа 123 жас қазақстандық ие болды, жалпы қаржы көлемі 369 миллион тең­гені құрады. Аталған бастама өңірлер тара­пынан да қолдау тауып, 2024 жылы 308 миллион теңге сомасына 216 өңірлік грант берілсе, өткен жылы «Тәуелсіздік ұр­пақтары» республикалық байқауы ая­сында 3 млн теңгеден 30 грант бөлін­ген, өңірлік деңгейде қосымша 277 грант қа­растырылған. Қаражат бизнес, мә­де­ниет, спорт, ақпараттық технологиялар, волонтерлік және ғылым саласындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.
Сонымен қатар 2022 жылы сайлау партиялық тізімдерінде және де­путаттық мандаттарды бөлу бары­сын­да әйелдерге, жастарға және мүгедектігі бар азаматтарға арналған 30 пайыздық кво­та енгізілді.
2023 жылы Қазақстанда жастар жа­сына қатысты шекті межелер ресми түр­де қайта қаралып, 14-тен 35 жасқа дейін­гі аралық ретінде белгіленді. Осы өз­геріс жастарға мемлекеттік қолдаудың жеңілдіктеріне кеңірек қол жеткізуге мүм­кіндік берді.

Түйін: 

Бүгінде еліміздегі жастар саны республика халқының шамамен үштен бірін құрайды, яғни 5 817 339 адам. Жоғарыдағы көрсеткіштерге қарап Қазақстандағы жастар саясаты кемелдену кезеңіне қадам басты деп айтсақ болады. Мемлекет сандық көрсеткіштерден сапалық нәтижелерге көшуде. Білім беру, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, азаматтық белсенділік пен таланттарды қолдау – бұл жас ұрпаққа арналған стратегиялық инвестиция. Егер осы бағдарламалар дәйекті жүзеге асырылса, Қазақстанның экономикасының қарқыны мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігі артатыны анық. Елдің 
болашағы – жастардың қолында, ал мемлекет 
олардың әрбір мүмкіндігін жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуде.

Наурызбек БАҚЫТҰЛЫ

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары