Ұйықтап жатқанда аяқ қозғалту мен диабет арасында байланыс бары анықталды

/
Ұйықтап жатқанда аяқ қозғалту мен диабет арасында байланыс бары анықталды
сурет: istockphoto.com

АҚШ-тағы Purdue University ғалымдары ұйықтап жатқанда аяқты қозғалту мен диабет арасындағы байланысты зерттеді. Зерттеу нәтижелері Cureus Journal of Medical Science басылымында жарияланған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалымдар 9 мыңнан астам ересек адамның деректерін талдап, ұйқы кезінде аяқтың жиі еріксіз тартылуын байқайтын адамдарда диабетке шалдығу ықтималдығы 72%-ға жоғары екенін анықтады. Бұл көрсеткіш семіздік, гипертония және ұйқыдағы тыныстың уақытша тоқтауы сияқты факторлар ескерілгеннен кейін де сақталған.

Зерттеушілер мұндай реакцияны ішінара ұйқының жеткіліксіздігімен және ағзадағы қабыну процестерімен байланыстырады. Алайда бұл факторлар құбылыстың нақты себебін толық түсіндірмейді – оны алдағы зерттеулер анықтауы тиіс.

Сонымен қатар, темір тапшылығы бар әйелдер тобы да жеке қарастырылған. Бұған дейін бұл жағдай Синдром беспокойных ног ауруымен байланыстырылған еді. Алайда осы зерттеуде темір тапшылығы, аяқтың тартылуы және диабет арасындағы нақты байланыс расталмады.

Ғалымдар ұйқы кезіндегі қозғалыстар кардиометаболикалық тәуекелдерге әсер етуі мүмкін екенін атап өтеді. Егер аяқтың жиі тартылуы ұйқыны бұзса, бұл – дәрігерге жүгінуге себеп.

Егер бұл нәтижелер болашақ зерттеулерде расталса, ұйқыны талдау арқылы диабетті ерте анықтаудың жаңа тәсілдері пайда болуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары