Табиғатты қорғау – ортақ міндетіміз

/
Табиғатты қорғау – ортақ міндетіміз
ашық дереккөзден алынды

Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Әсіресе, қорық аумағында табиғи экожүйені сақтау мен қорғау мемлекеттік инспекторлардың негізгі қызметінің бірі. Табиғатқа дала және орман өрттері үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан өрттің алдын алу шаралары мемлекеттік инспекторлардың үнемі назарында болады.

Қорық аумағында өрттің тұтануына көп жағдайда адамдар себепші болып жа­та­ды. Демалушылардың отты дұрыс өшір­меуі, темекі тұқылын тастау, құрғақ шөпті жағу сияқты әрекеттер табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайлар өсім­діктер мен жануарлар дүниесіне қауіп төн­діріп қана қоймай, экожүйенің тепе-тең­дігін бұзады.
Осыған байланысты мемлекеттік инс­пек­торлар өрт қаупі жоғары кезеңде қорық аума­ғын тұрақты түрде бақылауда ұстайды. Олар рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, заң­сыз әрекеттердің алдын алады. Соны­мен қатар жергілікті тұрғындар мен келу­ші­лерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіп­сіздігі ережелерін сақтаудың маңыз­­­ды­лығын нәсихаттайды.
Өрттің алдын алу үшін қорық қыз­мет­кер­лері арнайы құрал-жабдықтармен қам­та­масыз етіледі. Өрт сөндіру техни­ка­лары­ның жарамдылығы тексеріліп, кез келген тө­­тенше жағдайға жедел әрекет ету шара­ла­ры қарастырылады. Сондай-ақ өртке қар­сы минералдандырылған жолақтар жа­салып, бақылау мұнаралары арқылы ау­мақ үнемі қадағаланып отырады.
Табиғатты қорғау – тек мамандардың ға­на емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір адам табиғат аясында демалған кезде өрт қауіп­сіздігі талаптарын сақтауы тиіс. Таби­ғатқа ұқыпты қарау арқылы біз болашақ ұр­паққа бай табиғи мұраны сақтап қала­мыз.

С.ТӨРЕНИЯЗОВ,
Барсакелмес мемлекеттік 
табиғи қорығының инспекторы 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары