Астанада ер адам пышақ ұстаған күйі көшеде жүрген (ВИДЕО)

/
Астанада ер адам пышақ ұстаған күйі көшеде жүрген (ВИДЕО)

Астанада Ықылас Дүкенұлы мен Республика көшелерінің қиылысында куәгерлер қолында пышағы бар, денесі жалаңаш ер адамды видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кадрларға қарағанда, белгісіз адам өзін агрессивті ұстаған және біреуді іздеп жүргендей немесе қуып жүргендей әсер қалдырған. Жазбада оның үйлердің бірінің ауласында жүгіріп жүргені көрінеді. Біраз уақыттан кейін ер адам жолдың дәл ортасында қалдырылған көлігіне қайта оралып, рульге отырып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Видео әлеуметтік желілерде тез тарап, елорда тұрғындарының алаңдаушылығын туғызды. Пайдаланушылар болған жағдайды талқылап, мұндай әрекеттің себебі неде екенін сұрауда.

Liter.kz редакциясына полиция департаментінің баспасөз қызметі құқық бұзушының анықталып, полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлаған:

«Ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материал толтырылды», - деп жазылған хабарламада.

Іс материалдары сотқа жолданды.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары