Америкалық Николас Пикколо есімді азамат Қарағандыдан өзінің биологиялық әке-шешесін іздейді. Бұл хабарландыруды оның келіншегі Facebook желісіндегі Kazakh American Association парақшасында жариялаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Менің жұбайым Николас Пикколо (Nicholas Piccolo) өзінің туған ата-анасын іздейді. Ол туралы біздегі бар мәліметтер төмендегідей:
Туған күні: 26 қараша 1998 жыл.
Туған жері: Қазақстан, Қарағанды қаласы.
Туған кездегі есімі: Өмірзақов Руслан.
Балалар үйі: Қарағандыдағы «Малютка» балалар үйінен асырап алынған (қазіргі атауы «Шапағат» болуы мүмкін).
Асырап алынған күні: 19 қаңтар 2003 жыл.
Өкінішке орай, бізде бұдан басқа нақты ақпарат жоқ. Егер Русланның (Николастың) туған туыстары немесе сол кездегі оқиғадан хабары бар жандар болса, өтінеміз, бізбен байланысыңыздар. Кез келген ақпарат біз үшін өте құнды», - деп жазылған.
