Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғау және олардың әлеуметтік қолдауын қамтамасыз ету мемлекет тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл бағыттағы шаралар Үкіметтің басты міндеттерінің бірі, өйткені мүгедектігі бар азаматтардың қоғамда толыққанды өмір сүруі мен тең құқықты болуы үшін мемлекет тарапынан нақты қолдау мен қорғау қажет. Сондықтан, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын сақтау және олардың тұрмыс деңгейін арттыру Үкіметтің ең маңызды мән беретін тұстарының бірі. Ресми деректер бойынша елімізде жарты млн-нан астам мүгедектігі бар адам өмір сүреді. Оларға 8,9 млрд теңге көмек берілді.
Ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 191,9 мың адам бар.
Жалпы, жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 59,3 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 8,9 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер берілді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 545,9 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 191,9 мың адамды құрады.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 86,2 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша, ал 62,9 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.
Төлемдердің мөлшері кейінгі 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру деректеріне байланысты, әр адамға жеке тағайындалады», – делінген министрлік хабарламасында.
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 10%-ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке жарамсыздығы және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 10%-ға артты.
Осылайша, осы жылы мүгедектігі 1-топ үшін – 111 873 теңгені, 2-топ үшін – 89 498 теңгені, 3-топ үшін – 61 022 теңге беріледі.
2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 54 742 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 55 800 теңге.