Ұзақ уақыт сахнадан көрінбей кеткен әнші Сиви Махмуди отандық телебағдарлама жүргізуішісіне сұхбат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әнші сұхбат барысында жеке өміріне қатысты ақпаратпен бөліскен.
"Ажырасқанымызға бес жыл болды. Әлі тұрмыс құрған жоқпын. "Ауызы күйген үрлеп ішеді" дейді ғой. Сол сияқты қорқыныш бар. Қорқамын. Бірақ енді қартайғанда ыстық шай ішетін жолдас керек. Сол үшін... Болашақтың еншісінде. Жақсы адам кездесіп жатса, бұйырса, әлі де тұрмысқа шығармыз", - деді әнші.
Сондай-ақ ол әлеуметтік желілерде өзіне қатысты жалған ақпараттар тарағанын да атап өтті.
"Мен біреумен суретке түссем болды, бәрі сонымен қосып жібереді. "Жас жігітті ұстап алыпты" деген сияқты неше түрліні айтады. Ондай-ондай жағдайлар болып тұрады. Бірақ әзірге басы бос жанмын", - деді Сиви Махмуд.