Атырауда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды

/
Атырауда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды

Атырау қаласында жоғалып кеткен 15 жастағы оқушы табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кетейік, қыздың анасы 24 ақпан күні кешкісін құқық қорғау органдарына жүгініп, қызының үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан.

Полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде кәмелетке толмаған қыздың жүрген жері анықталды. Қыз ата-анасына тапсырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары