«Алты балам ауырғанда жыламаппын»: Қанат Әлжапбаров Жапониядағы маймылға жанашырлық танытты

/
«Алты балам ауырғанда жыламаппын»: Қанат Әлжапбаров Жапониядағы маймылға жанашырлық танытты

Танымал әзілкеш, актер Қанат Әлжапбаров көңіл күйі түсіп жүргенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Актер екі күннен бері Жапониядағы Итикава қалалық зообақтағы анасы тастап кеткен Панча атты макака оқиғасы әсер еткенін жасырмады.

Оқиғаны естісе болды, оның көңілі құлазып, бірнеше күн қатарынан Панча өміріне алаңдағанын айтты.

«Жапониядағы зоопарктегі маймыл бар ғой анасы өліп қалған. Екі күннен бері соны көрсем көзімнен жас шығып кете береді. Алты балам ауырғанда олай жыламаппын», - дейді актер.

Желі қолданушылары оның жанашырлығына тәнті болып, оқиғаға деген қызығушылықтары артты.

«Бәріміздің жүрегіміз езілген сияқты», «Бұл нағыз жанашыр болып тұр ғой», «Бәрімізде жүректен жүрек қалмады, соны көрсек жылап аламыз», - деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары