Тырнақ сынғыш болса не істеу керек?

/
Тырнақ сынғыш болса не істеу керек?
istockphoto.com

Тырнақтың сынғыштығы, қабыршақтануы, ақ дақтардың пайда болуы және жұқаруы – жай ғана косметикалық мәселе емес. Көп жағдайда бұл ағзадағы ішкі бұзылыстардың белгісі болуы мүмкін. Тырнақ пластинасы жағдайының нашарлауына көбіне не әсер ететіні және қандай сыртқы факторлар жағдайды ушықтыратыны туралы Пирогов университетінің дәрігері Ульяна Махова айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тырнақтың сынғыштығына әкелетін эндогенді факторлар (ішкі себептер) мыналар:

Темір тапшылығы (жасырын немесе айқын анемия) – темір тырнақ матриксіне оттегін жеткізу үшін қажет. Тырнақтар жұқарып, сынғыш болады, кейде ойыс пішінге ие болады.

Ақуыз (протеин) жетіспеушілігі – тағамда ақуыздың аз болуы немесе оның сіңуінің бұзылуы (асқазан-ішек жолы мәселелері) тырнақтың берік болуына кедергі келтіреді, себебі ақуыз – ағзаның негізгі құрылыс материалы.

Витаминдер: биотин (В7 дәрумені), A, C, E, кальций – тырнақтың қоректенуі, өсуі мен құрылымы үшін қажет, сондай-ақ сыртқы факторлардан қорғауға қатысады. D дәруменін мегаполис тұрғындары үшін бөлек атап өтуге болады, өйткені ол ағзадағы барлық зат алмасу үдерістеріне қатысатын маңызды элемент.

Микроэлементтер: мырыш пен селен тырнақ матриксіндегі жасушалардың бөлінуіне қатысады. Мырыштың жетіспеуі ақ дақтардың пайда болуына және сынғыштыққа әкеледі.

– Қандай сыртқы факторлар тырнақты жиі зақымдайды?

– Сумен және тұрмыстық химиямен жиі жанасу. Су тырнақты жұмсартады, ал жуғыш заттар оның липидті қабатын бұзып, майсыздандырады. Үй шаруасындағы әйелдер, тазалаушылар, аспаздар қауіп тобына жатады.

Жарақаттайтын маникюр және ацетон қосылған лак кетіргіштер – тырнақты жиі егелеу және агрессивті сұйықтықтарды қолдану пластинаның жұқаруына әкеледі.

Механикалық жарақаттар – пернетақтамен ұзақ жұмыс істеу, тырнақты тістеу әдеті.

Үнемі тырнақ өсіру (наращивание) және гель-лак жағу мәселені ушықтырады, себебі ол оттегінің жетуін шектеп, белгілерді жасырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары