Жамбыл соты 604 гектар жерді игермеген ұйымға айыппұл салды

/
Жамбыл соты 604 гектар жерді игермеген ұйымға айыппұл салды
istockphoto.com

Жамбыл облысының Шу аудандық соты заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамау фактісі бойынша «S» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот 2025 жылдың желтоқсан айында кооператив ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге арналған жалпы ауданы 604 гектар жер учаскелерін мақсатты пайдалану бойынша жұмыс жүргізбегенін анықтады. Аталған учаскелерде жерді өңдеу және ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары орындалмаған.

Бір жыл бұрын, Жер ресурстарын басқару департаменті анықталған бұзушылықтарды жою туралы кооперативке нұсқама берген. Алайда, 2 бұзушылықтың 1-і жойылмағандықтан, хаттама толтырылды.

Заңды тұлғаның кінәсі хаттамамен, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамамен, тексеру актісімен және істің басқа да материалдарымен расталды.

Сотта өкіл кінәні мойындап, қаржы құралдарының жетіспеуіне байланысты бұзушылықты жою мүмкін болмағанын түсіндірді.

Сот кінәні мойындауды және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, айыппұл сомасын 30%-ға азайтты.

Сот қаулысымен кооператив ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған қызметін тоқтатпай, 275 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары