Алаяқтар жеке деректеріңізді пайдаланып, банк не құқық қорғау органы қызметкері ретінде қоңырау шалады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Картаны бұғаттан шығару» немесе «ақшаны қауіпсіз шотқа» аудару керек екенін айтып, SMS-код пен карта деректерін сұрайды.
Есіңізде болсын:
Банктер SMS-код сұрамайды;
Карта деректерін беруге болмайды;
Банкоматта тұрғанда біреудің өтінішімен ақша аудармаңыз.
Бұл – заңға қайшы, дропперлік деп танылатын әрекет.
Алаяқтарға тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.