Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Тет мерекесімен құттықтады

/
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Тет мерекесімен құттықтады
Ақорда

Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды Вьетнам күнтізбесінің Жаңа жылы – Тет мерекесімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастырып, өзара достық пен түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге айрықша мән беретінін жазған.

Сонымен қатар ортақ күш-жігер жұмылдыру арқылы сан қырлы ықпалдастықты жаңа белеске көтеруге ниетті екенін жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары