Шымбұлақ маңында қар көшкіні астында қалған адам құтқарылды

/
Шымбұлақ маңында қар көшкіні астында қалған адам құтқарылды
Видеодан скриншот

Алматы тауларында сырғанаған фрирайдерлер қар көшкіні астында қалған.

«Шымбұлақ» мәліметінше, кеше курорт аумағынан тыс «Чимбулачка» өзені маңында, екі фрирайдер сырғанауға шыққан. Олардың әрекетінен қар көшкініні болып, райдерлердің бірі қалың қар астында қалған.

- Екінші райдер абдырап қалмай, бірден курорттың аспалы жол операторына хабар берген. Ақпарат дереу курорттың Жедел әрекет ету орталығына жеткізілді. Ski Patrol Shymbulak құтқарушылары оқиға орнына шұғыл аттанды. Бақытымызға орай, адам өмірін сақтап қалу мүмкін болды, - деп хабарлады курорттан.

«Шымбұлақ» әкімшілігі оқыс оқиға бұл жолы бәрі сәтті аяқталғанымен, қар көшкіні екінші мүмкіндік бермейтінін атап өтті.

- Фрирайд – еркіндік, адреналин және әсем көріністен бөлек үлкен жауапкершілік. Арнайы сырғанау жолдарынан тыс аймаққа шығар алдында ескерту белгілерін елеп, қар көшкіні қаупіне мұқият болыңыздар, - делінген мәлімдемеде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары