Құтқарушылар химиялық күйік алған сәбиді аман алып қалды

/
Құтқарушылар химиялық күйік алған сәбиді аман алып қалды
ТЖМ

Ақмола облысында 2024 жылы дүниеге келген сәби ауыз қуысының химиялық күйігімен шұғыл түрде облыс орталығына жеткізілді. Баланы құтқару үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы көмекке келді, деп хабарлайды ТЖМ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, санитарлық авиация рейсі Көкшетау – Степногорск – Көкшетау бағыты бойынша жүзеге асты. Дәрігерлер балаға «ауыз қуысының шырышты қабығының 1-дәрежелі химиялық күйігі» диагнозын қойды.

Мамандандырылған медициналық көмек қажет болғандықтан, баланың өмірі мен денсаулығы үшін әрбір минут маңызды болды. Тікұшақ экипажы мен медициналық бригаданың жемісті жұмысының арқасында нәресте Көкшетаудағы ауруханаға жедел жеткізілген.

Экипаж мүшелері: Әуе кемесінің командирі — Бейбіт Смағұлов; Екінші ұшқыш — Шыңғыс Мәлікриянов.

«Қазавиақұтқару» тікұшақтары кез келген уақытта санитарлық авиация тапсырмаларын орындауға дайын. Біз еліміздің ең шалғай нүктелерінен науқастарды тасымалдап, адам өмірін сақтап қалуға тырысамыз», — деп атап өтті ведомстводан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары