Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto

Синоптиктер жексенбі, 15 ақпанда еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 15 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болатыны болжанады.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, ал облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Ақтауда 15 ақпанда түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Атырауда 15 ақпанда тұман түсіп, түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Қызылордада 15 ақпанда кей уақытта тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде 15 ақпанда күннің екінші жартысында көктайғақ болатыны болжанады.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Түнде және таңертең 15 ақпанда Шымкентте және Түркістанда тұман болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Өскеменде 15 ақпанда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстік-шығысында тұман болып, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде қар жауып, ал күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда 15 ақпанда жаяу бұрқасын жүріп, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауып, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болатыны болжанады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 15 ақпанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 15 ақпанда тұман болатыны болжанады.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қар жауады деп күтіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары