Павлодарда қызды бес жыл бойы мазалаған бұрынғы жігіті қамауға алынды

/
Павлодарда қызды бес жыл бойы мазалаған бұрынғы жігіті қамауға алынды
istockphoto

Павлодар облысыныда "Stop сталкинг" республикалық акциясы аясында екі ер адамға қатысты қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, біреуі Ертіс ауданында тұрады. Ол бұрынғы жұбайына әлеуметтік желілер арқылы қайта-қайта хабарламалар жазып, мазасын алған. Қазіргі кезде ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

"Екінші жағдай облыс орталығында тіркелді. Павлодар қаласының тұрғыны полицияға көмек сұрап жүгінді. Оның айтуынша, бұрынғы жігіті соңғы бес жыл бойы мазасын алып келеді. Ол әлеуметтік желілер арқылы үнемі қорлайтын мазмұндағы хабарламалар жолдап, қорқыту әрекеттерін жасаған. Аталған құқық бұзушы Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.

Осы орайда тәртіп сақшылары адамның еркінен тыс байланыс орнатуға және (немесе) аңдуға бағытталған заңсыз қудалау әрекеттері, яғни сталкинг үшін қылмыстық жаза бар екенін ескертті.

Адамдар ондай фактілерді жасырмай, полицияға дер кезінде жүгінуі керек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары