Қазақстандық еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұқан (97 келі) Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен халықаралық Super 4 Wrestling турнирінде топ жарды.
Финалдық белдесуде отандасымыз ресейлік Әлихан Кцоевты 3:0 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды.
Бұған дейін ол болгариялық Ахмед Батаевтан басым түскен болатын.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан 2023 жылы әлем чемпионы атанып, 2023, 2024 және 2025 жылдары Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.