Олимпиаданың алты салмақ дәрежесінде өткен турнирдің жүлде қоры да қомақты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Чемпиондарға – 10 мың доллар, ал финалистерге – 5 мың доллардан берілді. Әр салмақта төрт балуаннан бақ сынады.
97 келі салмақта Ризабек Айтмұхан Болгария өкілі Ахмед Батаевты 7:5 есебімен жеңіп, финалда Ресей балуаны Алихан Кцоевты 3:0 есебімен ұтты.
86 келі салмақта Азамат Дәулетбеков АҚШ өкілі Натан Джексонды жеңгенімен, финалда 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері ресейлік Артур Найфоновқа 1:4 есебімен жол берді.
Айта кетейік, Ризабек пен Азаматтың келесі турнирі 25 ақпан мен 1 наурыз аралығында Албанияның Тирана қаласында өтеді.