Шымкентте тағы бір сталкер ұсталды

/
Шымкентте тағы бір сталкер ұсталды
istockphoto

Шымкентте тағы бір сталкер ұсталды, деп хабарлады полиция.

"Тергеу мәліметтері бойынша, қыз бен жігіт екі айдай қарым-қатынаста болған, ал ер адам қыздың ата-анасымен кездескен", - делінген хабарламада.

Полиция хабарлауынша, қыз бала кейінірек оның бұрын некеде тұрғанын біліп, қарым-қатынасты тоқтату туралы шешім қабылдаған.

"Алайда, күдікті қарым-қатынасты үзуге көнбеген. Үш айдан астам уақыт бойы ол тоқтаусыз қоңырау шалып, хабарлама жазып, қызды аңдып, отбасына қауіп төндіретінін айтқан", - делінген хабарламада.

Жәбірленуші өзінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін қорқып, полицияға хабарласқан.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сталкерді анықтап, оны ұстап, қамауға алды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстанның Қылмыстық кодексінде сталкинг (адамның заңсыз ізіне түсу) үшін 115-1-бап 2025 жылы енгізілген. Ол 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу, 200 сағатқа дейін міндетті қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза көздейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары