Қостанай облысында есірткі сатушы ұсталды

/
Қостанай облысында есірткі сатушы ұсталды
Polisia.kz

Қостанай облысы Жітіқара ауданында интернет арқылы есірткі сату схемасы әшкереленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицейлер интернет арқылы есірткі заттарын таратудың жолын кесті. Жедел іс-шаралар барысында Жітіқара қаласының 18 жастағы тұрғыны ұсталды.

— Пәтерді тінту кезінде электронды таразы, орау материалдары, ұялы телефондар және ұнтақ тәрізді заттар табылып, тәркіленді. Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 800 граммды құрады. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті мессенджер арқылы жұмыс істеген интернет-дүкенмен байланысаы болған, — делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары