Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: freepik.com

Бүгін, 13 ақпанда Алматы мен Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жамбыл облысы: таулы аудандарда қалың қар, тұман, көктайғақ. Жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с. 13-15 ақпанда беткейлік ағын мен өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін, су тасқыны қаупі бар.

Қарағанды, Ұлытау облыстары: тұман, жел 15 м/с.

Маңғыстау облысы: көктайғақ, тұман. Жел 15-20 м/с.

Қостанай, Ақтөбе облыстары: тұман, жел 15-20 м/с.

Түркістан облысы, Шымкент: жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Таулы аймақтарда қар, жел 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы: тұман, жел 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман.

Шығыс Қазақстан облысы: тұман, Өскеменде түнде және таңертең.

Абай облысы: тұман, жел 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман.

Қызылорда облысы:  кейде тұман.

Ақмола облысы: қар, жел 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы: тұман, жел 15-20 м/с, Петропавлда 15-20 м/с.

Алматы облысы: таулы аудандарда қалың қар, көктайғақ, тұман, жел 15-20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең көктайғақ, тұман.

Алматы қаласы: кейде көктайғақ, тұман.

Мамандар жүргізушілерге абай болуға, таулы аймақтарда су тасқыны мен беткейлік ағын қаупін ескеруге кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары