Ресей дәрігерлері Хабаровскі аймағындағы ең қарт тұрғынға күрделі офтальмологиялық операция жасап, көру қабілетін қалпына келтірді, деп хабарлайды turkystan.kz жергілікті әкімдіктің ресми мәліметіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 111 жастағы Мария Огиенко былтыр катаракта дертіне байланысты Хабаровскідегі «Көз микрохирургиясы» ғылыми-техникалық кешенінің бөлімшесіне жүгінген. Жасы келгеніне қарамастан, мамандар көз бұршағын ауыстырып, астигматизмді жою операциясын сәтті жүргізген.
Өңірлік билік өкілдері бұл жағдай заманауи хирургия әдістерінің жасқа тәуелді емес екенін көрсететінін атап өтті. Қазір қария айналасын анық әрі айқын көре алады.