Қазақстан құрамасы Үндістанның астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатының кезекті күнінде қоржынын 3 алтын және 2 күміс медальмен толықтырды.
50 метр қашықтықтан кіші калибрлі винтовкамен жатып нысана көздеу сайысында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев жеңіске жетті. Сол сынның өзінде Никита Шахторин күміс медальді жеңіп алды. Командалық бәсекеде Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин және Константин Малиновский үздік нәтиже көрсетіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
25 метрден жылдам атылатын тапанша жарысында Никита Чирюкин, Артемий Кабаков және Кирилл Цуканов командасы қарсыластарынан озып шығып, алтын медальді иеленді. Ал жекелей сында Никита Чирюкин күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, чемпионат ересектер, жастар және жасөспірімдер санаттарында өтуде. Биылғы додаға құрлықтың 20 елінен 320-дан астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы үш жас санатында 47 мергенмен жарысқа түсті.
Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионы атанды