Талғардың танымал әкімі қызметтен кетті

/
Талғардың танымал әкімі қызметтен кетті

Алматы облысы Талғар қаласында «ТикТок әкім» деген бейресми атаумен танылған Арыстанбек Әбілқайырұлы лауазымынан кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл шешім қала тұрғындарының көңіліне ауыр тигені байқалады. Әлеуметтік желілерде талғарлықтар түрлі пікір білдіріп, өз наразылықтарын жасырмай жазуда.

Жергілікті халықтың айтуынша, ол кабинеттен шықпай отыратын басшы емес, керісінше тұрғындармен тікелей араласуды жөн көретін, мәселелерді ашық көтеретін әкім болған. 

Өз кезегінде Арыстанбек Әбілқайырұлы қызметтен кетуіне денсаулық жағдайы себеп болғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, ол бұл лауазымға 2024 жылдың желтоқсанында сайланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары