Марк Цукерберг Майами маңындағы «миллиардерлер бункеріне» көшіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.
The Wall Street Journal хабарлауынша, Meta компаниясының басшысы Марк Цукерберг пен әйелі Присцилла Чан Майами маңындағы Indian Creek аралынан 8 000 шаршы метрлік жаңа вилланы сатып алып жатыр. Бағасы шамамен 150-200 млн доллар деп бағаланған.
Бұл арал әлемдегі ең бай адамдардың шоғырланған жері ретінде танымал және мұнда салық төмен немесе мүлде жоқ. Цукербергтің бұрыннан-ақ Lake Tahoe, Palo Alto (Калифорния) және Гавайи аралы Кауайдағы люкс жылжымайтын мүлік портфолиосы бар.