Адам миындағы қартаю үдерісі шамамен 36-39 жаста басталады. Мұндай пікірді Ресей ғылым академиясының академигі, Ресей білім академиясы президентінің орынбасары Геннадий Онищенко айтты, деп хабарлайды turkystan.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Оның сөзінше, дәл осы жасқа дейін адам жаңа идея ұсынуға бейім болады, ал одан кейінгі кезеңде көбіне бұрын жинаған зияткерлік әлеуетіне сүйеніп өмір сүреді.
«Бізде жас ғалым деген ұғым бар. Бұл – адам жаңа идеялар тудыра алатын кезең. Одан кейін ол негізінен өзінде бар білім мен тәжірибеге арқа сүйейді. Көбіне бұл жас – 36-39 аралығы», – деді Онищенко.
Академик мидың қартаюы әр адамда әрқалай жүретінін де атап өтті. Бұл үдерістің жылдамдығына генетикалық бейімділік пен жеке ерекшеліктер айтарлықтай әсер етеді.