Белгілі әнші Сәкен Майғазиев отбасындағы қуанышты әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікпен бөлісті. Өнер иесі алғаш рет немере сүйетінін айтып, сәбидің жынысын жария етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Маған ұл болсада, қыз болсада иманды, білімді, саналы, өнерлі және ең бастысы дені сау болсын деп тілеймін. Алла жар болсын! Сіздергеде жұғысты болсын!», - деді әнші.
Сәбидің жынысы жасырылған тортты әншінің өзі кесіп, көпшілікке қуанышты жаңалықты жеткізді. Майғазиевтер әулетінде қыз бала дүниеге келетін болды.
Бұл қуанышты жаңалықпен келіндері Әдия да бөліскен. Ол өз жазбасында: «Күшті видео түсірдік, бірақ оны кейін саламыз. Әзірге осы жаңалықпен бөліскім келді тезірек», – деп жазды.