Аязды күні даладан келе сала ыстық шай ішуге болмайды – дәрігер түсіндірді

/
Аязды күні даладан келе сала ыстық шай ішуге болмайды – дәрігер түсіндірді
сурет: istockphoto.com

Аязды күні даладан келе сала ыстық сусын ішу тіске зиян келтіріп, кариес қаупін арттыруы мүмкін. Бұл туралы «СМ-Стоматология» клиникасының терапевт-стоматологы, пародонтолог Павел Лысенков «Известия» басылымына берген пікірінде айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маманның сөзінше, суықта тіс эмалі мен дентин қатты салқындайды. Егер үйге кіре сала ыстық шай немесе тағам тұтынылса, температураның күрт өзгеруінен эмаль бетінде көзге көрінбейтін микрожарықтар пайда болуы мүмкін. Уақыт өте келе мұндай зақымдар тістердің сезімталдығын арттырып, кариестің дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Сондықтан дәрігер аяздан кейін бірден ыстық ішіп-жемеуге, алдымен тістердің температурасы қалпына келгенін күтуге кеңес береді. Бұл қарапайым сақтық тіс саулығын сақтауға көмектеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары