Гуманоид роботтар адамдарға қарағанда 2-3 есе тиімсіз – өндірушілер

/
Гуманоид роботтар адамдарға қарағанда 2-3 есе тиімсіз – өндірушілер
сурет: istockphoto.com

Гуманоид роботтар әзірге ең қарапайым өндіріс жұмыстарында да адам еңбегін толық алмастыра алмайды. Бұл туралы осындай роботтарды өндіретін ірі компаниялардың бірі UBTech өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Компанияның бағалауынша, қазіргі гуманоид роботтардың пайдалы жұмыс деңгейі небәрі 30-50% шамасында. Олар негізінен жәшіктерді орналастыру, жинау, тауарды тексеру сияқты қарапайым әрі қайталанатын операцияларды ғана орындай алады.

Өндіріс орындары роботтардың көп жағдайда адамға қарағанда баяу жұмыс істейтінін және кейде керісінше кедергі келтіретінін жасырмайды. Соған қарамастан, зауыттар гуманоид роботтарды конвейерге енгізуді жалғастырып отыр. Бұл көбіне нақты қажеттіліктен емес, «бізде де бар» деген имидждік мақсатты көздейді.

Сарапшылардың пікірінше, гуманоид роботтардың өндірісте кең әрі тиімді қолданылуы әзірге болашақтың еншісінде және ол үшін елеулі технологиялық серпіліс қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары