Instagram желісінде құлдықта болған Құндыздың журналист Руслан Өтепбайға қатысты ауыр сөздер айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталмыш бейнежазба желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Видеода Құндыз кадр сыртындағы адамнан жетімдер үйіне өткізуін сұрайды, алайда ұнамсыз жауап естіген ол боғауыз сөздер айтады. “Мен оны пышақтап өлтірем, маған жақсылық жасамай-ақ қойсын”,- дейді ол. Бейнеде ол танымал журналист Руслан Өтепбайға балағат сөздер айтылып, сөз келтірді.
Желі қолданушылары видеодағы жағдайға күмәнмен қарап, оның өз еркімен айтылған-айтылмағанына назар аударған.
Сондай-ақ қоғамда бұл видео жазадан жалтару немесе жағдайды басқа арнаға бұру мақсатында әдейі түсірілген болуы мүмкін деген пікірлер де айтылып жатыр. Қазіргі таңда бейнежазбаның нақты қандай жағдайда және қандай мақсатпен түсірілгені ресми түрде расталған жоқ.
"Әдейі жазадан құтылу үшін Зүлфия жасап отыр", “Руслан осылар үшін шыр-пыр болып жүрсе”, “Жуас шығар деп ойласам”, “Мына сөздерді біреу жаттатып қойған”, “Ішіп алған ба”,- деп пікір қалдырды желі қолданушылары.